Теорияға қайту

Білімді бекіту тапсырмалары

§1. Дендрология ғылымының қалыптасуы және қазіргі даму бағыттары

1-тапсырма

Аудиоматериалды мұқият тыңдап, онда берілген ғылыми терминдердің мазмұнын талдаңыз. Тыңдау барысында дендрология, интродукция, экологиялық бейімделу және фенология ұғымдарының өзара байланысын анықтап, олардың логикалық сабақтастығын көрсететін сызбалық схема құрастырыңыз. Схемада әр терминнің дендрологиялық зерттеулер жүйесіндегі орны мен бір-бірімен себеп-салдарлық байланысы ғылыми тұрғыдан негізделуі тиіс.

Аудио тапсырманы тыңдау:

QR-код

2-тапсырма

QR-код арқылы берілген интерактивті тапсырмаға өтіп, дендрология ғылымының тарихи даму кезеңдеріне қатысты сипаттамаларды мұқият оқыңыз. Әрбір анықтаманы мазмұнына сәйкес келетін кезеңмен (сипаттамалық, жүйелік-биологиялық, экологиялық-эксперименттік) дұрыс сәйкестендіріңіз. Жауапты таңдау кезінде зерттеу мақсатына, ғылыми әдістеріне және кезеңнің негізгі ерекшеліктеріне назар аударыңыз.

3-тапсырма. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

4-тапсырма. Ойлан! (Эссе)

Қазіргі климат өзгерісі жағдайында дендрология ғылымының маңызы неге артып отыр?

Төмендегі сұрақтарға сүйене отырып жауап беріңіз:

Жауапты қысқа ғылыми пайымдау (5-6 сөйлем) түрінде жазыңыз: