Теорияға қайту

Білімді бекіту тапсырмалары

§3. Интродукция теориясы және өсімдіктерді жаңа ортаға бейімдеу заңдылықтары

Топтық зерттеу тапсырмасы: «Ботаникалық бақтағы интродукциялық зерттеу циклі»

Зерттеу циклі
Жұмыс форматы: топтық ғылыми зерттеу
Топ құрамы: 4-5 білімгер
Өткізу орны: ботаникалық бақ / учаске

Мақсаты: интродукцияланған ағаш өсімдігінің жаңа ортаға бейімделу деңгейін ғылыми әдістер арқылы анықтау және зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырманың шарты: Сіздер – ботаникалық бақта жұмыс істейтін жас дендролог-зерттеушілер тобысыздар. Әр топқа интродукцияланған ағаш немесе бұта түрі беріледі. Топ зерттеу циклінің барлық кезеңдерін орындап, алынған нәтижелер негізінде ғылыми қорытынды жасайды.

Зерттеу кезеңдері бойынша нәтижелерді толтырыңыз:

1️⃣ Түр паспорты (қысқаша ғылыми сипаттама):

Ғылыми атауы, таралу аймағы, жапырақ типі, өркен құрылысы, тіршілік формасы, климаты.

2️⃣ Отырғызу және эксперименттік учаске (Схема сипаттамасы):

Жарық мөлшері, топырақ типі, ылғал деңгейі. Бақылау және тәжірибелік өсімдіктер туралы мәлімет.

3️⃣ Фенологиялық күнтізбе (Фазаларды тіркеу):

Күн Негізгі фазалар Нәтиже

4️⃣ Биометриялық өлшеулер (Өсу динамикасы):

Биіктік, сабақ диаметрі, өркен ұзындығы, жапырақ өлшемдері (орташа көрсеткіштері).

5️⃣ Экологиялық факторларды талдау (Фактор-әсер кестесі):

Негізгі фактор Өсімдік түрі Әсері

6️⃣ Деректерді статистикалық өңдеу (Қорытынды цифрлар):

7️⃣ Ғылыми қорытынды (Эссе):

Өсімдік жаңа ортаға бейімделді ме? Стресс белгілері байқалды ма? Қай фактор бейімделуге ең күшті әсер етті? Түрді аймақта кеңінен қолдануға бола ма?

8. Интродукция және бейімделу заңдылықтары

Аудионы толық тыңдаңыз:

Мына сұраққа жазбаша жауап беріңіз:

«Интродукция табысты болуына әсер ететін 3 заңдылықтың (климаттық сәйкестік, экологиялық амплитуда, генетикалық пластикалылық) ішінен ең шешушісін таңдаңыз да, неге екенін 3 дәлелмен негіздеңіз».

QR-код

9. «Факторды тап» (QR)

QR кодты сканерлеу арқылы интерактивті платформаға өтіңіз. Берілген жағдайларды мұқият оқып шығып, әр мысалды интродукция барысында әсер ететін экологиялық факторлар тобына дұрыс сәйкестендіріңіз.

  • климаттық – температура, жарық, ылғал, маусымдық өзгерістер;
  • топырақтық – құрам, рН, тұздану, қоректік элементтер;
  • биотикалық – зиянкестер, микроорганизмдер, симбиоз;
  • антропогендік – адам әрекетінің нәтижесі.

Әр жағдайды тиісті фактор тобына орналастырып, таңдауыңызды қысқаша түсіндіріңіз: